М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
devochka0001
devochka0001
31.07.2020 05:03 •  Қазақ тiлi

Елбасы жолы – ұрпаққа өнеге» (100-120 сөз) эссе

👇
Ответ:
ЗаяцЯ2
ЗаяцЯ2
31.07.2020

Өз еліне өлшеусіз еңбегі сің­ген, туған халқын баянды бола­шаққа бастаған, сондай-ақ әлем­нің ізгілікке қарай бет бұруына зор ықпалын тигізіп, жа­һандық тұлғаға айналған біті­мі бөлек, қызметі ерек жан­дар­дың адами болмысы, қайрат­керлік қарымы, өмір жолы, жасампаз ісі санада ұдайы жаң­ғырып тұруы тиіс. Өйткені мұн­дай тұлғалардың өрелі өмірі, бар қажыр-қайратын жұм­сап атқарған игілікті қыз­меті, өнегесі – таптырмас тәрбие құ­ра­лы, адамзатқа ортақ құн­ды­лық, қараңғыда жол таппай дағ­дар­ғанның жолына сәулесін төсер шамшырақ. Сондықтан да, осын­дай ірі, көрнекті қай­рат­кер­лерді тереңірек тану, насихат­тау жұмыстары әлемдік тәжіри­беде кең үрдіс алғаны белгілі. Осы үрдіс аясында дара туғандар, озық ойлы тұлғалар мен қайраткерлер ар­қау болған түрлі кі­таптар, зерт­теу еңбектер, фильм­дер, т.б. көп­теп дүниеге келді.

Жалпы, талайлармен терезесін тең ұстауды, өркениет көшінде өзгелермен үзеңгі қағыстыра ал­ға жылжуды мұрат еткен, өзін-өзі құрметтей білер әрбір ұлт та­рихын, рухани мұрасын, маң­дай­алды ұл-қыздарын өздері ғана танып-біліп қана қоймай, олар­ды жаһанға жарқырата көр­сетіп, насихаттауды жөн көреді. Бұл қадамның астарында «біз де ешкімнен кем емеспіз, дау ту­са сөз ұстар шешеніміз, жау төн­се жанын қияр батырымыз, тамы­ры тереңге кеткен тарихы­мыз, жаһандық мәдениеттің қо­ры­на қосылған салмақты да ардақ­ты мұрамыз бар елміз», деп өзі­нің іргелі ел екенін ұқтыр­ғы­сы немесе айбы­нын асырғысы келетін ниет жатқандай.

Бұл бағыттағы игі істердің ше­жіресіне тереңірек үңілсек, сөзіміз тым ұзарып кетеді. Де­ген­мен, қысқаша тоқтала кетер болсақ, сонау көне замандардан, дәлірегі Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты дәуірлерінен бүгінге тартылған «сүрлеуге» ой сүріндіре отырып көз жүгірткенде рухыңды көтеріп, санаңды жаңғыртатын жарқын бейнелі, қазіргі түркі жұртымен, қазақпен қарындас, кіндіктес, тегі бір екені ғылыми тұрғыда дәлелденген тұлғалардан бастап, бүгінгі жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз туралы том-том зерттеу еңбектер, әдебиеттің түрлі жанрындағы қаншама шығармалар жазылды.

4,5(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Senavn
Senavn
31.07.2020
Ана тіліміздің тағдыры ұлтымыздың тарихына ұқсайды деп ойлайсыңдар ма? 
Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген. 
4,7(20 оценок)
Ответ:
nika032009003
nika032009003
31.07.2020

Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.

Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.

Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі және т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып қызметкер жалдамастан өзі өз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, өнертапқыштың қоғамдық кооперациядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық әскерлерде, ішкі және сыртқы барлауда әскери міндетін өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар әкімшілік құқықтың пәнін құрайды. Аталған орындардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының бірі шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттік қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.

Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейтін, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сейкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Ұзақ уақыт бойы оқу әдебиеттерінде еңбек қөұқығы саласының қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды ең алдымен, ҚР Еңбек туралы заңдар кодексінің 2-бабының мазмұнымен байланыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидалардыеңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда әлдеқайда кеңірек, себебі, олар өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығының барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік органдарын) қамтиды. Қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын мәнінде жүзеге асырылуын да қамтамасыз етуі қажет.

4,5(8 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ