М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
varvaranepomnas
varvaranepomnas
09.11.2021 18:12 •  Қазақ тiлi

Бжб 2 тоқсан 7 сынып 1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша

ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс

қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға

түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр

күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған

жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.

Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған

айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды

босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін

ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей

өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана

күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты

тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға

соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Көзқарас

1.

2.

3.

2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша күрделі жоспар құрыңыз

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

а)

ә)

ІІІ. Қорытынды бөлім

3-тапсырма. Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп. Өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, еліктеу сөздерді қолдану арқылы эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100 сөз.

4- тапсырма. «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Орфографиялық нормаға сай, 7-8 сөйлемнен тұратын әңгіме құраңыз.

👇
Ответ:
aftorik
aftorik
09.11.2021

4 тапсырма

Объяснение:


Бжб 2 тоқсан 7 сынып 1-тапсырмаМәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және
4,4(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dianag141517
dianag141517
09.11.2021
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Таймановбастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
4,8(83 оценок)
Ответ:
yuliasolarova
yuliasolarova
09.11.2021
Мен-тәуелсіз елдің ұланымын! Мен егемен мемлекетте өмір сүремін. Бірақ бұл тәуелсіздік менің еліме оңай келген жоқ. Бізге,яғни,болашақ ұрпаққа тәуелсіздік сыйлау үшін ата- бабаларымыз өз жандарың аямаған. Осы кісілердің арқасында біз бейбіт елде,тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Тəуелсіздік алғанымызға жақында 25 жыл толады. Осы 25 жыл еліміз үшін даму жылдары болды. Осы жылдар бойы еліміз өз тəуелсіздігін сақтап ,əрі дамып келеді. Еліміздің осындай күнге жеткені ата-бабаларымыз бен тəуелсіз еліміздің мамандарының арқасы. Олардың осы еңбектері мен ерліктерің ақтау үшін біз де еліміздің дамуына, қазір болмаса кейін,өз үлесімізді қосуымыз қажет !
4,4(48 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ