Менің жазғы демалысым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!
Объяснение:
Ел қуатты болса, қуаныш тұрақты болады. Ғасырларды уақыт ұршығында иірген мыңжылдықтар тоғысында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қазақтың зар заманда жоғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бүтінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақты шежіресі түзіле бастады.
Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем картасында орын алған тектоникалық үлкен саяси өзгерістердің салмағын саралай отырып, Қазақстанның ұлттық мүддесін сыналап енгізе білген Елбасы осы бір отыз жылдың ішінде жас мемлекетті әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу мақсатымен көш бастады. Көшіміз көлікті болды. Ұлтымызда «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» деген сөз бар. Бұл орайда Қазақстан – қалыптасқан қоғамдық құрылыстар ауысқан алмағайып кезеңде кемеңгер басшысын таба білген ел.