М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
StasDvorchuk
StasDvorchuk
21.11.2022 05:02 •  Қазақ тiлi

4. Мәтін бойынша 5 тірек сөз жазыңыз Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. Қарапайым шамдардың орнына энергия үнемдеуші шамдарды қолданған жөн. Өйткені энергия үнемдеуші шамдар қарапайым шамдарға қарағанда электр қуатын 5-6 есеге аз тұтынып, бірдей жарық береді. Сонымен қатар энергия үнемдеуші шамдардың пайдалану мерзімі қарапайым шамдармен салыстырғанда сегіз есеге артық. Энергия үнемдеуші шамдар электр қуатын 80 пайызға жуық үнемдейді.

👇
Ответ:
darabajkova4770
darabajkova4770
21.11.2022

электр,энергия,унемдеу,шам,мерзім.

4,6(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
макс3113
макс3113
21.11.2022

Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар.

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:

1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б.

2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, ағаш-сыз т. б.

3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б.

4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б.

5. -шыл, -шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б.

6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең т. б.

7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т. б.

8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т. б.

9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, алтай-ы, араб-ы т. б.

Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі.

Мысалы: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б.

-сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шақ, -шеқ, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т. б.

Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен кызметі арқылы ажыратылады.

Араб-иран тілдерінен енген -кер, -қой, -қор, -паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардын жуан — жіңішке сыңарлары жоқ.

1. Димаш Құдайберген – өнерлі отбасынан шыққан әнші.

2. Қаламыздағы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз тұрғындарға арналған қысқа мерзімді оқулар қарастырылған.

3. Биылғы жазғы демалысымды ауылда өткізбекшімін.

4. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ресми түрде жұмысқа тұрғым келеді.

5. Үйдегі кенже бауырым – ұйқышыл.

6. Менің нағашыларымның барлығы бойшаң, мен де соларға ұқсаппын.

7. Қазіргі қоғамда түлкідей қу адамдар көп кездеседі.

8. Қазіргі таңда әуесқой әншілер көбейіп барады.

9. Мектебіміздің қабырғасында түрлі әдеби кештер ұйымдастырылып тұрады.

Объяснение:

4,6(23 оценок)
Ответ:
VZ1
VZ1
21.11.2022
Егер мен елсіз аралға түссем, бірінші қатты қорқып, көмек сұрап айқайлайтын едім. Ол аралдан шығу мүмкіндігі жоқ болғанын түсінгеннен кейін, сабырға келуге тырысатын едім.  Егер сабырлы болсам, мүмкін бұл жағдайда не істеу керек екенін түсінермін.  Өз-өзіме келгеннен соң, таза су көзін іздеймін. Таппасам, колдан су тазартқыш істеймін. Судан кейінгі орында - от. Түнде жылыну үшін маған ол өте қажет, сол үшін бар білімімді  жинақтап, от жағуға тырысамын. Міне от та жағылды! Ендігі мақсат - тамақ табу. Ол үшін айналамды қарап, жеуге жарамды нәрселерді іздеймін, немесе балық айлаймын. Бұл мәселе шешілгенде ағаштан үй соғуға да кірісуге болады.
4,5(73 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ