Тапсырма 1. Мәтінді оқып, менталды карта жасаңыздар. Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті репсублика аумағынан асып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Теңіз түбінен ұшқан түзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатыр. Сонымен қатар өңірде өкпе-тыныс жолдары, қатерлі ісік және т.б. аурулар түрлері өршіп отыр. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта- қайта көтерілуде. Кейінге қалдыруға болмайтын нақты шаралар — Арал өңірі тұрғындарының хал- ахуалын жақсарту, жерасты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз
орындатып, тапсырмалар бойынша сөйлеу стилін игерту, тілдік құбылыстарды талдау және оларды практикалық қажеттілікке айналдыру шеберліктерін жетілдіру жолдарын көрсететін шығармашылық жұмыстарды жалғастыруға болады. Мысалы: күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу; жиналыстар мен радио, теледидардан сөйленген ауызекі сөз үлгілерін салыстыру, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Мәселен, радиодан, теледидардан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып келгенмен, тілдік құралдарды пайдалануда әдеби норма ескеріледі. Ал енді ауызекі сөйлеудің қарапайым түрінің лексикасына диалектілер, қарапайым сөздер еніп кетіп отырады. Бұл — дайындықсыз сөйлегенде қолданылатын түрі.