М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zazoo12365
Zazoo12365
25.10.2022 17:29 •  Қазақ тiлi

《Адамзаттың ғарышты бағындыруы қазақ жерімен тікелей байланысты》деген тақырыпта эссе жазу

👇
Ответ:
Enot787
Enot787
25.10.2022

Осыдан тура 55 жыл бұрын а алғаш рет ғарышты игерді. 12 сәуір күні - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанған «Восток» кемесімен Юрий Гагарин космоста 1 сағат 48 минут уақыт өткізіп, жерге оралды. Міне, содан бері көкке талай зымыран ұшырылып, туристік саяхат ұйымдастырылатындай кезеңге де жеттік.

Тарихқа көз жүгіртсек ғарышқа а ұшырмас бұрын ғалымдар бірнеше жылдар бойы тәжірибе жүргізді. 1957 жылы 3 қарашада «Спутник-2» ғарыш кемесімен космосқа аттанған ең алғаш тіршілік иесі Лайка есімді ит болды. Бірақ, техникалық олқылықтардан бұл ұшырылым сәтсіз аяқталды. Мұнан кейін, 1960 жылы Белка және Стрелка атты иттер орбитаға көтеріліп, аман-есен жерге қонды. Осыдан кейін барып, Юрий Гагарин тұңғыш ғарышкер ретінде ғарышты бағындырды. Ол 302 шақырым биіктікте жер шарын бір айналып шығып, сан мыңдаған жылдар бойғы адамдардың арманын жүзеге асырды.

Ал 1991 жылы 2 қазанда қазақ елі үшін тарихи оқиға орын алды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Байқоңырдан» «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Ғарыштағы «Мир» орбиталық кешенінде сегіз күн болып, биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жерге оралды. Мұнан соң, тағы бір отандасымыз Талғат Мұсабаев космосқа үш рет ұшып, барлығы 342 күнін галактикада өткізіп, ғарышты игеруде елеулі үлесін қосты.

Қазіргінің қаһарманы Айдын Айымбетов үшінші қазақ ғарышкері. 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА 18М» экипажымен Халықаралық ғарыш станциясына аттанып, 10 күн зерттеу жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Елжанды азамат осылайша барша қазақстандықтардың сүйікті тұлғасына айналды.

Бүгінде Қазақстан ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына енді. «КазСат» спутниктік жер серіктерін ұшыру арқылы цифрлық ақпарат тарату, байланыс операторлары мен ауа райын болжау секілді түрлі салалардың дамуына тың серпіліс әкелуде.

4,7(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Nbveh1234567890
Nbveh1234567890
25.10.2022

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.  

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.  

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

4,6(85 оценок)
Ответ:
akreb0102
akreb0102
25.10.2022

это на урок надо? если да то вот:

Сәлем құрбым! Қал-жағдайың қалай? Өмірін қалай? Қандай жаңалықтарың бар? Сабағың жақсы ма? Өзім туралы біршама айта кетейін. Менің жағдайым өте жақсы. Жаңалықтар әзірге жоқ. Сабақ ақырындап жүріп жатыр. Тырысудамын. Қазір ең ауыр айлар өтіп жатыр. Ән мектебінде емтихандар басталуда. Қазақ-ән әдебиетінен бір емтихан тапсырдым. жиырма бірінші мамырда мамандық бойынша тағы бір емтихан болады. Бұл әлі соңы емес. Келесі жылы мен ән мектебіндегі оқуымды бітіремін. Міне сол кезде барлығы өте қиын болады. Барлық сабақтардан, он екі беттік шығармалардан емтихандар болады, ал ол еді, оңай болмайын деп тұр. Қысқасы келесі жыл өте қиын болады. Мектепте мен жетінші сыныпта оқымын. Жазда бізде ағылшын тілінен емтихандар өтеді. Барлығын тапсырамын деп үміттенемін. Мен сенің хатыңды тағатсыздана күтемін. Өміріңде қандай жаңалықтар болғанын және болашаққа жоспарларыңды жазарсың. Осымен бітірейін. Кездескенше. Сенің құрбың

4,7(12 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ