mar un Сапарғали Бегалин 1895 жылы Семей облысы Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таниды, керуенмен Семейге келіп пристанда жүкші болып қызмет істейді, Кейін оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде ат күтуші болады, ол кісіден орыс тілін үйренеді, кейін приход мектебіне түседі, жаз айларында жүкші жұмысын жалғастырады. 1916 жылы патша жарлығымен тыл жұмысына алынады. 1923-28 жылдары ауданның халық сотында істейді. Ақынның әдеби қызметі 1914 жылы басталады «Қазақ жастарына » атты өлеңі «Айқапта» жарияланады. С.Бегалиннің көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған алғашқы кітабы—« Қыран кегі» поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты. Бұдан кейін жас аңшы « Сәтжан» атты повесі 30 мың, екінші жолы 300 мың дана тиражбен шықты. Повесть азербайжан, өзбек, армян, корей тілдеріне аударылды. Ол балаларға « Ермектің алмасы», «Бақыт» жинақтарын арнайды. Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын аударады, Шоқанның балалық шағы туралы жазды. Бегалин – балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, тамаша үлгісін корсеткен жазушы С.Бегалинның балаларға арнап жазған шығармаларының тақырыбын беске бөлуге болады. -составить два вопроса
Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау; 2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау; 3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. Гидрометеорология орт-нда ауа райынан басқа ауыл шаруашылығы дақылдардың өсуі, өнімділігі болжанады, сондай-ақ мал ш-на да қатысты болжаулар жасалынады.