2-тапсырма. Төмедегі сөйлемдерді жақты және жақсыз, жалаң және жайылма, толымды және толымсыз түріне қарай ажыратыңыз. Қарамен берілген сөйлемдерге кешенді синтаксистік талдау жасаңыз. Ол төсегінен аунап кете жаздады. Бұны байқаған дәрігер ақырын ғана тыныштандыра сөйледі. - Сізге қатты қозғалуға болмайды. Әлі біраз күн емделесіз. Пойыз зулап келеді. Есейдің көңілі одан да жүрдек. Биыл шабындықтың қалың боларын ағасы хатында жазып еді. Мынау дала келбеті де соны танытады. Қырдың таза ауасында де
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді — дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін — талант деген сөзбен белгілейді. Талант — бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.Адамның қабілет саласындағы айырмашылықтары
да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі —зеректілігімен, екіншілері — байқағыштығымен, үшіншілері -материалды еске сақтағыштығымен көзге ерекше түседі.