Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Астана-мақтанышым
Біз барлығымыз осы қазақстан елінде тұрамыз. Қазақстанның бас қаласы бұл Нұр-Сұлтан(Астана) болып саналады. Нұр-Сұлтан қаласы өте әдемі және көрікті осының бәрі ең алғашқы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың арқасында Астанамыз көріктей береді. Астана қаласында ЭКСПО 2017 өткен еді осы ЭКСПОҒА мыңдаған елдең мыңдаған ұлттар келді. Астана ол-ірі бизнес орталығы Астанада көпдеген мәдени орталықпен зәулім үйлер өте көп. Маған Астана қаласы өте ұнайды сондықтан Астана қаласымен мақтанамын
Объяснение:
Қате болса кешір