Одағайлары бар халық әндері.
1.Қызыл бидай
2,Ағаш аяқ.
3Әттең ,шіркін ,қыздар -ай !
1. Әттең, шіркін, қыздар-ай (халық әні)
Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,
Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Қош есен бол дегенің о да медеу, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
2. Қызыл бидай (халық әні)
Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.
Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!
Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік,
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік.
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып,
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік.
Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!
3. Ағаш аяқ (халық әні)
Атандым мен жасымнан ағаш аяқ
Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ
Салдықтың салдарынан ақсақ болып
Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Қыз қалды ойбай
Қыз қалды-ау
Қара жол ма дегенім
Шұбырынды із болды-ай, ойбай
Ала жаздай нәр татпай
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай
Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай есіңе ал,
Алсаң ал, алмасаң қой
Сенсіз өлер деймісің
Шіркін-ай, шіркін-ай
Үкілі кәмшат бөркің-ай
Ой-пәлі-ай
Ей, пәлі-ай!
Осылай ма едің
Қыз бала-ай!
Мен болашақта Қазақстанда көліктерді газсыз бензинсыз жургыздыре едім ал қоқыстарды барлық жерге қояр едім себебі Қазақстанда қоқыстар саны өте көп.
Қазақстанда адамдарга керегы коп метро автобустар мен оларды да дамытар едым әр автобус метро ышынде ғаламтор жылулык батареясын жургызер едым себебы метро автобустардын ышынде суык болады.Қазақстанға өте керек зат ол жер сілкінісі болған кезде жер сілкінісінен қорғанатын темір үй шығарамын және дамытамын деп ойлаймын