Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі а бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті.
Жан – жануарлар туралы мақал – мәтелдер (орысша аудармасымен).
Жетім қозы маңырауық - Ягненок-сирота блеет без конца
Түйе — байлық, қой — мырзалық, жылқы — сәндік. - Верблюд — богатство, овцы — щедрость, кони — красота.
Төлден мал өседі, шыбықтан тал өседі. – Скот растет с приплода, а дерево – с прутика.
Қойың болса, қора табылар. – Будут овцы, найдется и хлев.
Көрмес түйені де көрмес. - Кто не хочет видеть, тот и верблюда не заметит.
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің - Настоящий куырдак увидишь, когда забьют верблюда (намек на нечто большее, чем то, что уже случилось)
Нар жолында жүк қалмас. - На пути верблюда груз не залежится.
Теке — тұрыққа, азамат — ұрыққа - Козел тянется к месту обитания, молодец — к своему племени.
Ешкі егіз тапса, шошқа сегіз табады. - Если коза приносит по двойне, то свинья — по восемь.
Ешкі еті — ем, теке еті — жел. - Мясо козы — лекарство, мясо козла — ерунда (ветер).
Ешкі болсын, теке болсын, балаларға сүт болсын - Пусть хоть что, но было бы с пользой (пусть хоть коза или козел будет, для детей было бы молоко).
Қойшы көп болса, қой арам өледі. - Когда пастухов много, овцы с голода дохнут (у семи нянек дитя без глазу).
Той өтті - қой бітті. – Закончился праздник, закончились и бараны.