М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zdavatelzno
zdavatelzno
10.09.2020 07:53 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 8-тапсырма. Өлең үзіндісін пайдаланып, өзінің максатын, туралы мәтін құра. Мәтінде қандай дауысты және дауыссыз дыбыстардың жиі қолданылып тұрғанын ескер.


ЖАЗЫЛЫМ 8-тапсырма. Өлең үзіндісін пайдаланып, өзінің максатын, туралы мәтін құра. Мәтінде қандай да

👇
Ответ:
ЛизаПру
ЛизаПру
10.09.2020

Әрқайсысымыз өмірде белгілі бір дүниелерге ұмтыламыз: белгілі бір мамандық иесі болғымыз келеді, белгілі бір жерлерді саяхаттағымыз келеді, бір нәрселерді сатып алғымыз келеді. Мақсат – өмірдегі шамшырақ секілді. Адамды өмір жолында адастырмай, тура жолда алып жүреді. Сондықтан мақсатты айқындап алу өте маңызды.

Ал мақсат өзімізге және айналамыздағыларға зиянды болмағаны және тәніміз бен жанымызға пайдалы болғаны абзал.

Мақсат – адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтижесі. Мысалы, біз белгілі бір мамандық иесі болу үшін, соны растайтын диплом алу үшін оқуға түсеміз. Ал оқу барысында білім алып, қабілеттерімізді дамытумен қатар, көптеген достар арттырамыз, қызықты сәттерді бастан өткереміз. Түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибемізді арттырамыз. Түрлі адамдармен араласып, көңіл көкжиегімізді кеңейтеміз.  Кейіннен күліп отырып еске алатын мыңдаған естеліктер жадымызда қалады. Яғни алдымызға мақсат қоюдың өзі ғана емес, мақсатқа жету жолы да маңызды рөлге ие. Өзіне ұнайтын, адам үшін маңызды болып табылатын мақсаттарға жету жолының өзі адамды шабыттандырады. Сәйкесінше әр сәттен ләззат алып, бақытты сезінеді. Ал мақсатқа жету адамның үнемі сол жолда әрекет етуін, үлкен ерік-жігерін талап етеді. Ол ерлік кездескен қиындықтарды жеңуге, басқалардың пікіріне тәуелді болмауға, ештеңеге қарамай алға ұмтылуға көмектеседі.

Ал арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай? Меніңше, олар өзара өте тығыз байланысты. Мақсат армандардан туатын секілді. Мақсат нақты әрекеттерді талап етсе, арманда еркіндік, абстрактілік басым болады. Мүмкіндіктеріңе, байлығыңа, қабілет-қарымыңа қарамай армандай беруге болады.  Бала күнімізде бәріміз де армандадық, соның біраз бөлігі өмірлік мақсаттарға ұласты.

Мақсаттар әр түрлі болып келеді. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді; адам өмірінің әр саласына байланысты да бөліне береді. Сонымен қоса, өмірдің әр кезеңінде актуалды болатын мақсаттар болады. Мәселен,  оқушы кезде жақсы оқып, аттестат алу болса, одан кейін жақсы мамандық иесі болу, отбасын құру, балалы болу, көлік алу, үй салу, т.б. Сәйкесінше әр адамда бірнеше мақсат болуы да мүмкін.

Менің қазіргі таңдағы басты мақсатым – жақсы мамандық иесі болу. Дәрігер болғым келеді. Адамзатқа сол салада пайдалы болуды – негізгі мақсатым деп білемін. Жарасын таңып, ауруын аз да болса жеңілдеткім келеді. Қай кезеңде, қай заманда болсын, бұл мамандық өзінің маңыздылығын жоймайды. Адамзат өз ісінің білгірі ақ халатты абзал жанға қашанда зәру. Ал үлкен мақсатыма жету үшін, бар күшімді салып сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін: тек баға үшін ғана емес, білікті маман болу үшін, өз ісімнің шебері болуым үшін. Кішкентайдан армандаған мамандығым енді негізгі мақсатыма айналып отыр.

4,6(92 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nastyarudckina
nastyarudckina
10.09.2020
«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел –  алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.

Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен
4,5(34 оценок)
Ответ:
ailyn2111
ailyn2111
10.09.2020

«Алматы технологиялық университеті» АҚ.

Мамандығы - ұйымды басқару.

Студент -

Бас -

Диссертациялық жоба: 72 бет; 4 кесте, 7 сурет, 1 схема; пайдаланылған әдебиеттер тізімі (18 дана); 1 өтініш.

Түйін сөздер: коммуникация, ұйымішілік коммуникациялар, коммуникация процесі, байланыс жүйесі, байланысты жақсарту жолдары, коммуникацияны басқару, тиімді коммуникация.

Зерттеу пәні - ұйымдағы ұйымішілік коммуникацияларды басқару процесі.

Жұмыстың мақсаты - кәсіпорында тиімді ішкі коммуникациялар жүйесін құру үдерісіне ғылыми-әдістемелік тәсілдер мен практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу нәтижелері бойынша зерттелетін ұйымдағы операциялар мен функциялардың мақсатты реттілігі болып табылатын байланыс процестерін жақсарту бойынша шаралар ұсынылады.

Алынған нәтижелер барлық деңгейдегі байланыс тиімділігін арттыра алады, бұл бүкіл ұйымның сәттілігі мен гүлденуінің маңызды кепілі болып табылады.

4,5(28 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ