М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Anchoys777
Anchoys777
23.11.2020 19:07 •  Қазақ тiлi

Очень . Текст:
Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы – құсбегілік, оның төл өнері, ұлттық мақтанышы. Әрине, туған табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін ит жүгіртіп, құс салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың ішіндегі жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні бүгінге дейін алып келгенінен көруге болады. «Есі кірген — ескісін іздейді» деген қағида ертеден бар. Киіз туырлықты көшпелі елдің құс салу өнері кәсіптен гөрі, серуен, сейілге, спортқа жақын. Бұл өнерді кейде «салбұрын», кейде «саятшылық» атауымыз содан. «Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы…» — жігіттің жігітіне жарасар, серінің серті мен серігіндей өнер. «Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, ал мынадай қансонар енді қайдан табылар» — деп, дүниенің бәрін тәрк етіп, құсын қолға ондырып, жүйрігін жаратқан ер мінезді елдің ұрпағымыз. Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Ал, ғалымдардың зерттеуінде айтылғандай, Тамғалы тастағы саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің салынғанына екі мың жылдан әріде десе, бүгінгі жеткен шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?! Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік. Әр адамға өз елінің аң – құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.

Задания:
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұнын талқылаңыз.
Кім? Не? Не істеді? Қашан? Қалай?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, ішінен көнерген сөздер мен кәсіби сөздерді тауып жазыңыз. Осы сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құраңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
софья20054
софья20054
23.11.2020
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді.Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.Абай 8 жасында «Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан «Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.Абай өлеңдерін 10 жасынан («Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. «Сап, сап, көңілім”, «Шәріпке”, «Абыралыға”, «Жақсылыққа”, «Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның «Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген «Қыс”, «Күз”, «Жаз”, «Жазғытұры” өлеңдері, «Масғұт”, «Ескендір”, «Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
4,6(91 оценок)
Ответ:
антон776
антон776
23.11.2020

Объяснение:

Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық маңызы бар нысан туралы келесі қызықты деректерді көп адам біле бермейді 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.  Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.  Жасалған келісім-шарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады.  1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» («Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы берілді. Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.   «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген.  130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты

4,5(84 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ