М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Vikysay10
Vikysay10
14.10.2020 01:44 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, өз түйіндемеңді жаз. Аты-жөні: Батырхан Бауыржанұлы Мекенжайы: Семей қаласы Абай көшесі, 15-үй Туған жылы: 2005 жылдың 6 қаңтары Ұлты: қазақ Жынысы: ер адам Азаматтығы: Қазақстан Республикасы Білімі: N96 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Тілдік дағдылары: қазақ тілі ана тілі; орыс тілі еркін; ағылшын тілі орташа. Жеке қасиеті: адал, жауапты, тиянақты, көпшіл Қосымша ақпарат: «Химия» пәні бойынша қалалық олимпиаданың жеңімпазы (Семей қаласы) Қызығушылығы: спорт (баскетбол, қазақша күрес), кітап оқу, музыка.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
122519
122519
14.10.2020

Оқиғаның шарықтау шегі:

Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың  үйін паналайды.  Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады

Оқиғаның шешімі:

Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.

Қорытынды: "Сол замандағы қазақ тұрмысынан менің түсінгенім" тақырыбына эссе жазыңыз. Эссе жазу құрылымын ескеріңіз ( кіріспе, негізгі, қорытынды).

"Бақытсыз Жамал" романы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш рет роман жанрында анықтама алған туынды. Бұл шығармаға арқау болған XX ғасырдың басында қазақтың кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуі мүмкін, әркімге таныс ортақ сипаттары бар жалпылық мәнді жайттар. Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын, сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту.

Туындыдағы үстемтап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі, шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі.

Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. Содан кейін қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп, жасытады. Ол жалғыз қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді. Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін.

ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қамы үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсаты - алаштың азаттығы мен отарлық езгіден құтылуы болса, роман жазудағы мақсаты - қазақ қыздарының еркіндігі мен адамның өзін-өзі билеуі. Сонымен қатар, сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүр мен мінез-құлқын, кемшіліктері мен өр қылықтарын баяндайды. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, ақынның өмірлік мақсаты да, романдағы мақсаты да орындалды. Бүгінгі таңда қазағымыз тәуелсіз, оған ешбір мемлекет билігін жүргізе алмайды. Сол сияқты қыздарымыз да өз-өзін билей алады, бейбіт заманда оларға ешкім де зорлық көрсете алмайды!

Объяснение: Міржақып Дулатов шығармасы

4,7(62 оценок)
Ответ:
школофей
школофей
14.10.2020

Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, «азап-соры» деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ең алдымен ата-ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз.

Ата-ана өз баласын өз махаббатының нұрына бөлеп, қуанышына, бақытына балайды, бала үшін күш-жігерін жұмсайды. Әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасында сабырлы мінездің үлгісін, еңбекетіг үлгілі табысын көрсете отырып адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейді. Еңбекқор, ілтипатты ата-ананы, ұстазды бала жанындай жақсы көреді, сыйлайды. Олардың бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары бағалайды.

Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады. Демек, отбасылық тәрбиелеу шарттарын, мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен мектепке орынсыз талаптар қояды. өзінің жауапкершілігін сезе білмейді, баласын тәрбиелеуден қол үзеді. Оның зардабы баланың сабақ үлгеріміне, мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады.

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ. Баланың бүгінгі іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады. Олай болса, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен хабарласу ата-ананың бірден-бір міндеті.

4,7(56 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ