Жинақтау 4 1. Ақын туралы берілген мәліметтерді түсініп оқып шығып, баяндаудың тірек сызбасын жасаңдар. 2. Шәкәрім шығармашылығына байланысты тірек сызба құрыңдар.
Халықтың жалпы өмірін, шаруашылығын, қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін оның ұлттық тағамдары арқылы білуге болады. Қазақ халқының асы оның шаруашылығына байланысты деуге болады, өйткені олар мал шаруашылығымен айналысқан халық, сондықтан ең басты асы ет, сүт. Қонақжай көшпенді халықтың көптеген әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері біздің уақытқа дейін сақталып, орындалып келеді. Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің, ұлттық ойындар мен спорт жарыстарының алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бір-бірімен сөйлесуге, қарым-қатынас жасасуға мүмкіндік алды. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстары жастарды төзімділікке, ұстамдылыққа, тапқырлық пен әбжілдікке баулыды. Олар кез келген дене еңбегі мен ауыр сынаққа әрқашан әзір болып өседі. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Өзін — өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік. Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Т
Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды. Өзін-өзі тәрбиелеу — адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.