Объяснение:
жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергия-сы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.[2]
Қобыландыға Тайбурылды асырап жетілтіп, жолдас қылып беру — Құртқаның өзіне мақсат қылған жұмысы болады. Тайбурыл — Қобыландының Құртқадан соңғы серігі, жолдасы. Тайбурыл — көшпелі елдің. батырына арналған ат. Көшпелі елдің қысылғанда сенімі қылатын қыл құйрықты жел жетпес, есті серігі. Жорыққа, сапарға шыққанда артта қалған елден де, үйден де жалғыз сүйеніш сезімі аты болады. Сондықтан ол ат құр ғана мінгіш, құр ғана жүйрік, берік болудан басқа есті де болу керек. Сондықтан Тайбурыл керекті жерінде (тіл бітіп) сөйлеп те кетеді. Көтерген қиял Тайбурылды өзге малдан жат қылып, ірілетіп әкетеді. Тайбурылдың бұлай болуына Құртқаның тәрбиесі себеп болады.
Құртқа Тайбурылды баласындай тәрбиелейді. Тайбурыл өзгеден өзгеше тәрбие керген, Құртқа тәрбиесінен шыққан. Сондықтан өзгеден жат ісін көрсетеді.