Қиын-қыстау кезеңде халқына пана болып, бейбіт заманда ақыны мен батырын әспеттеп, төбесіне көтерген қазақтың қалталы азаматтары әр кезеңде болған. Өнерлісін еркелете төбесіне көтеріп, білімдісін жасына қарамай төрге оздыратын бабаларымыз рухани байлықтың бағасы өзге дүниеден басым екенін о бастан-ақ терең түсінген. Бабадан жалғасқан осы дәстүрді ары қарай дамытып, қазақ әдебиеті мен өнерінің төл туындыларын дүниежүзіне танытуға атсалысып жүрген қандасымыз Медғат Құлжановты бүгінгі заманның нағыз Атымтай Жомарты деп атасақ, жаңылмайтын секілдіміз. Осы жылдың 24 желтоқсанында жетпіс жасқа толғалы отырған қазақ даласының қайырымды перзенті жайында кімнен пікір сұрасақ та, туған елінің рухани мұраларына ғашық, шын жанашыр, жүрегі жылы азаматтың кісілік тұлғасын тебірене сөз етеді.
Объяснение:
Бұл үзіндіде жырау халқын ойлап жасалған әрекеті айтылған. Ол егінді халқы үшін еккені бейнеленген. Еңбекпен тапқан нан әрдайым сіңімді, дәмді болатыны сөзсіз. Менде бәрін өз еңбегіммен жасаймын. Кейбір қазіргі адамдар дайынға құмар болып кеткен. Өздері жасаудың орнына сатып ала салады. Ал 100% адамның 70%-ы ғана еңбекпен өз күнін көріп жүрген шығар. Қалған 30%-ы біреудің еңбегі арқылы өмір сүріп жүр деп ойлаймын. Алайда біреудің еңбегін жеу дұрыс емес. Мысал ретінде бізбің ата- бабамызды айтайық. Олар бәрін өз күшімен жасаған. Егін егіп, су тасып, отын жарып күнін көрген. Бізде ата- бабаларымыздан ғибрат алғанымыз жөн.
Объяснение:
Менің туған жерім.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.
6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.
2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.
3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі. Атымтай Жомарт туралы аңыз-ертегілер негізінен “Мың бір түннен” бастау алады. Қазақ тіліне аударылып, бірнеше мәрте басылған “Мың бір түн” оқиғалары қазақ оқырмандары арасына кеңінен тараған.[1]