Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.
Музыка мәдениетте алғашқы орында тұрады. Пифагордың замандасы Гермиондық Ласа алғашқы музыка туралы арнайы шығарманың авторы саналады. Грекиядағы музыкалық білім
беру жүйесі тіпті VІ ғасырдан бастап дәстүрлі болып, сауат ашу дәрістерімен бірге тұрғанына он бес ғасырдың жүзі болды. Бұл беталыс ежелгі ойшылдардың мұрасында тұрақтылыққа айналды және тұлғаны тәрбиелеуге қатысты мәселелерде бірге айтылатын, адам жанын тәрбиелеуге болысатын ғылымдардың қатарына кіреді.