Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов.
Доспамбет жырау сонда отызға да
жеткен жоқ екен.
- Озушылар, озмаңыз, -
деп басталатын жолдар жыраудың жоқтың арасында жатқан сол сәтінің жатқандарға қарата айтқаны еді. Осы бір жолдар көкіректен асыға шығып, «хабаршыларды» тоқтатпаққа олардың артынан «аһ!» ұра ұша жөнелгендей. Бірақ бабалар салтында қазаның хабарын тоқтатуға болмайтын еді. «Озушылар» қайдан тоқтасын. Бұл сөздер де өз иесінің енді бұ дүниянікі емес екендігін сезіп барып, ауырлай кері қайтып, әр сөздің жаны қиналып,
отызға да тола алмай, бар мен
куәгерлері. Бұл ақынның қайғылы қазаны естірткелі оза шауып бара