ответ:
объяснение: әже туралы диалог
- еркебұлан, қайда асығып барасың? бірдеңе болып қалды ма?
- әжеме көмектесуім керек еді, дүкенге бармақшы едік, соған асығып барамын.
- мені сыртта ағам көлікпен тосып тұр, асығыс болсаң, сені жолай жеткізіп салайық?
- тамаша болушы еді, көп рахмет, марғұлан!
- оқасы жоқ. бізде үнемі атамыз бен әжемізге көмектесіп тұрамыз. ал әжем болса әрдайым «қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. жүр, онда тезірек есік алдына шығайық.
- ия, дұрыс айтасың. әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар ғой.
- мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті.
- ия, менің де бұл жайлы естуім бар. жақсы дәстүр деп есептеймін. себебі, үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген жаман болмайды деп.
- ия, толықтай келісемін. қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. өз басым ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын.
- әңгімелесіп отырып, қалай келіп қалғанымызды да байқамай қалыппын. үлкен рахмет!
- жақсы, оқасы жоқ.
подробнее - на -
Патшаның қазақ даласындағы 31 мен 19 жастағы ер азаматтарды тыл жұмысына тарту туралы жарлығы қарапайым халыққа төбелеріне жай түскендей әсер етті. Верныйдан келген бұйрықтың зілді болғаны сонша, халық суық хабарды естігелі күндіз ұйқыдан, түнде күлкіден айырылып, еңіреп, жылаумен болды. Сонда кемпір, шалдар қырсаң да баламызды бермейміз деп, приставқа қарсы шығады. Ер азаматтар да патша жарлығына көнбейтіндерін айтқанда, пристав қарсы шыққандарды есінде сақтап, қағазға жазып алады да, оларды күшпен алып кету үшін қазақ даласына солдаттарын жібереді. Ол күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, ораза кезі болатын.
Ал бастарына күн туған қара халық Қарғалы өзенінің бойын паналап, оразасын судың жағасында ашуға мәжбүр болады. Бірақ, басшылары тағат алмаған соң, өзен бойына жиылған жұрт дағдарып, жанталаса бастады.