Кириллица — славян әліпбиінің алғашқы екі түрінің бірі (екіншісі – глаголица). Әліпби славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь)қаласында туған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды. Грек жазуының 25 әріпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырды. Қазіргі Кириллица 43 әріптен тұрады, ол әуелде 38 әріптен құралып, оған 5 әріп кейін қосылды. Кириллицаның әріптік құрамы көне славян тілінің дыбыстық жүйесіне сай келеді, сондықтан ол қазіргі славян тілдерінің көпшілігінің әліпбиіне негіз болды. Кириллица грек жазуы негізінде жасалған. Ресейге Кириллица 10 ғ-да енген. Орыс әліпбиінен Кириллицаның 12 әрпі шығарылып, екі жаңа әріп (й, е) қосылған.1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде қазақ жазуы да кирилл әліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді.
"Қазақстан спортшылары"
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының Чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.