Тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті.
Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.
Көшпенділер дегенде көбіне өз ата бабаларымыз есімізге келеді. Қазақтар бағзы заманнан қазіргі уақытқа дейін мал бағып малдың қамымен көшіп қонып жүре берген. Тек қана соңғы жүз жылдың ішінде индустрияландыру заманында және кешегі Сталиннің ұжымдастыруының есебінен орнықты өмір салтына көшіп кетті.
Көшпенді халықтар көбіне жылына кем дегенде екі рет көшіп отыратын болған. Жазда жайлауда кең жерлерде өмір сүрсе, қыста суықтан сақтану үшін тау бөктерлерінде пана жерлерді таңдайтын болған. Көшпенді халықтар көбіне уақытын ат үстінде өткізген. Сонымен қатар олар үнемі мал үшін ыңғайлы жерлер іздеумен болған. Соның бір мысалы ретінде Асан қайғыны айтуға болады. Ал жақсы жерлер үшін талас та әрқашан қиын болған. Сондықтан олар көп соғысып жүрген.
көп көп қайталай бер
Объяснение:
көп қайталай беру керек