Электр қуатын үнемдеу туралы диалог құрастыру.
Баласы: Әке, мен үй жұмысын орындап отыр едім, бір сұрақтан қиналып отырмын. Көмектесіп жіберсеңіз?
Әкесі: Қанеки, қандай сұрақтан қиналып отырсың?
Баласы: Электр қуатын үнемдеу туралы қысқаша мәтін құрастыру керек. Қандай тәсілдері бар, соны айтып жеберсеңіз?
Әкесі: Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты қажеттіліктердің бірі болып отыр. Электр қуатын үнемдеудің келесідей жолдары бар:
Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек.
Баласы: Анам екеуіңіз үнемі менің есіме салып отырасыздар ғой, сонда бұл да үнемдеу болып саналады екен ғой!
Әкесі: Әрине, балам. Шам демекші, қазір электр энергиясын аз пайдалатын, яғни энергия үнемдегіш шамдар жетерлік. Мысалы, біздің үйімізде шамдардың барлығы осындай электр қуатын үнемдейді.
Баласы: Мен мұны білмеппін.
Әкесі: Желдеткіш пен кондиционерді жиі пайдаланбай, кей кездері терезені ашқан да жеткілікті болады.
Баласы: Үнемдеудің біршама тәсілдері бар екен ғой. Рахмет сізге!
Әкесі: Ия, әлі талай тәсілдері бар. Осы жеткілікті болса, оқасы жоқ.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары және қоғамдық-саяси қызметі.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
ӨмірбаяныАтасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп,Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғасақ ең алдымен елімізге домбыра түседі.Домбыра қазақ халқының асыл қазынасы.Ұлы даласының терең тарихы да осы домбырада