2.Мына сөздердің синонимдерін, антонимдерін мәтіннен тауып,анықтаңыз: Синонимдер
Антонимдер
Кемуі-
Астыңғы-
кіріс-
Жоғары-
күллі-
Көбею-
тіршілік-
Ұсақ-
3. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
А)Теңіздер мен мұхиттар бүкіл
адамзаттың игілігі,бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді
Халықаралық
Б) Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан.
Адамзат
"Сусыз өмір жоқ" тақырыбында диалог.
– Ата,ата!
– Ау,құлыным,не болды?
– Сұрақ қояйыншы!
– Қоя ғой,балам.Не мазалап тұр?
– Осы сусыз өмір бар ма?
– Өте ауқымды әрі дұрыс сұрақ.Осындай сұрақтар сені ойландыратыны жақсы.Әрине,сусыз өмір жоқ.
– Неге?
– Су – тіршіліктің көзі.Гүл тұқымын топыраққа еккеннен кейін оған су құйып тұрмаса,өспейді.Адамның өзі судан тұрады.Су айналада болып жатқан барлық айналымға қатысады,ол біздің өміріміздің негізі,балам.
– Жақсы,ата.
– Суды қастерлей білу керек.Су қоры да аз.Есепсіз төкпей жүр,жарай ма?
– Жарайды,аташым.Жауабыңыз үшін көп рахмет.
– Бара ғой,шырағым!