Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-
деп ұлтымыздан шыққан ұлы Абай атамыз айтпқшы,шынында да ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Ұстаз! Ұстаз – деген ұлы тұлға. Оның ұлылығы мінез-құлқында, адаммен қарым-қатынасында, баланың балалығын қабылдай білетін жылы жымиысында, әрбір іс-әрекітінде жатқан жоқ па?
Ұстаз – біздің екінші анамыз. Анамыз бізге өмір сыйлап, өмір-өзен ағысында батыл қадам басып кетуімізді арман етсе, ұстазымыздың арманы да осы емес пе? Жылдың 364 күнінің 270 күнін ұстаздарымыздың жанында өткіземіз. Олардың тәлім мен тәрбиесіне қанығамыз, «ғылым» атты асау тұлпарды жүгендеуді де осы ұстазымыздан үйреніп-білеміз. Қөзімізді тырнап ашып, алтын ұя-мектебімізге шауып келгенде, бірінші көретініміз де осы – ұстазымыз. Әсіресе, ұстардың ішінде сынып анасының, яғни сынып жетекшісінің еңбегі елеулі. Сынып жетекші ол тек білім теңізінде жүзетін кеменің капитаны ғана емес, ол оқушының танометрі іспетті. Әр оқушының мінез-құлқын жетік меңгерген, әр ата-ананың тілін тап баспай табатын ұлы тұлға. Қазақ тарихында мәңгі ізін қалдырған ұлт зиялыларын «ұлы тұлға» демейміз бе? Ол ұлыларымыз да ұстаз алдын көрген ғой. Оларға ұлылық, әрине, ұстаздарынан дарыған. Ұстаз деген –ұлылардың ұлысы, аналардың анасы. Саналы оқушылық өмірімде сан ұстаздың алдын көрдім. Олардың әрқайсысынан өз бойыма ізгілікті сіңіре білдім. Сондықтан ұстаздарымды бір-бірінен бөліп-жару, анау-андай, мынау-мындай еді деуге қақым жоқ. Айтпаймын да. Дегенмен, сынып жетекші деген ыстық екен. Сынып жетекшің жанында болса өзіңді қамқоршың, қорғаның бардай сезінесің. Байқаусызда әлдекімнен ескерту алып, оны сынып жетекшің біліп қалса, өзімді қоярға жер таппаймын. «Әттегең ау, мына кісіні орынсыз ренжіттім бе? - деп қысыламын. Ол сынып жетекшім - Данагүл Тілеукенқызы деген шәкірттік махаббатым шығар. Данагүл Тілеукенқызы қашан көрсең, сыныбы үшін құрақ ұшып, жүгіріп жүреді. Сынып жетекшіміз бізге «мынау бала ғой» деп қарамайды, керісінше «сендер бала емессіңдер, азаматсыңдар, сендер Отан алдында, отбасы алдында, тіпті бір-бірлерінің алдында тәрбиелі, білімді болуға борыштарсыңдар» дейді. Және де ол кісі біз шүлдірлеп орысша сөйлесіп тұрсақ, әжептәуір өкпелеп, өз ана тілдеріңді өздерің қадірлемесеңдер, өзге ұлт өкілдеріне қай бетімізді айтамыз?» - дейді. Және де:
Алыстан алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе, мақтанамыз.
Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын,-деген өлең жолдрымен шегелеп сөзін тоқтатқанда , қәдімгідей өз тілімізді өзіміз шұбарлағанға ұялып қаламыз.
Менің ұстазымнан үйренгенім де , үйренетінім де көп. Шәкірттік өмірде осындай ұстаздың алдын көргенім үшін қуанамын.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймыз. Дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. Біздің елдің футболшылары да мақтауға лайық. Оларға мысал келтірсек: Астана футбол клубы Еуропа лигасы, Чемпиондар лигасы турниріне тұрақты қатысып жүр. Біздің елде Олимпаида чемпиондары көп. Оларға: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және т.б. Спортпен айналысуды ұмытпаңыздар