1 Абай туралы не білесіңдер?
Объяснение:
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Абайдың өмірбаянынан алынған мәліметтерді ұсынамыз.
Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін.
Жомарттық – қайырымдылық тамшысы.
«Жомарттың аты талай жыл өтсе де ел аузында жүреді» деп Рашид-әд-дин айтып кеткендей, жомарттық немесе жауанмәрттілік, кеңпейілділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жмарттық дегеніміз – қолыңдағы бармен өзгемен бөлісу. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Менің ойымша, жомарттық отбасынан, яғни отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Мысалы, біздің анамыз үнемі бізге «бір тілім қара нан болса да, бөліп жеңдер», «өзгелермен бөлісіңдер» деп жадымызға құйып отырады, сондықтан біздің қолымызда бір қампит болса біз бөліп жеуге тырысамыз, ешкімнен қолымыздағы нәрсені аямай, кеңпейіл болуға тырысамыз.