М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dmytro19
Dmytro19
07.05.2020 23:50 •  Қазақ тiлi

Біз -Тəуелсіз елдін ұрпағымыз эссе.

👇
Ответ:
ArtFox12
ArtFox12
07.05.2020

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ бақыт, егемендік – еркін өміріміздің кепілі. Бүгінде біз тәуелсіздіктің жемісін көріп отырмыз. Ертеңі ерен еркін еліміздің болашағы зор. Еліміз азат, тағдырымыз өз қолымызда. Бұл – басты табысымыз.

«Елу жылда – ел жаңа» дейді халық, егемендікке қол жеткізген 29 жылда Тәуелсіз Қазақстан қуатты, іргесі берік елге айналып қана қоймай, дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елу елдің сапынан көрінуге ұмтылуда.

Осынау жиырма тоғыз жылдың ішінде біз зор мұраттарға жеттік. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» деп аталатын стратегиялық бағдарламасы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендеуімізге бағытталған. Бүгінде қазақ елін бүкіл әлем таныды. Біз Егеменді елдің – Қазақстанның, еркін елдің ұланымыз!

Қазақстан – ынтымақ ордасы. Ел болып, еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып, дамыған ел қатарынан танылсақ екен. Өйткені көсегемізді көгертіп, тәуелсіздік жалауын асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныту – ел мұраты.

Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс текті» намысты ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстандағы әрбір адам тәуелсіздікті көзінің қарашығындай сақтауы керек. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей, тәуелсіз мемлекеттің қарыштап дамуы, оның ары қарай өркендей беруі болашақ жастардың қолында!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген сөзі азаматтығымыздың қадір-қасиетін көрсеткендей.

Өз Отанымызды аялау – ананы аялау, сен ол үшін жаныңды қисаң да ешқашан өлмейсің. Сенің артыңдағы келешек өскелең ұрпақ сені мақтан етеді. Бүгін ел іргесін бекем де берік бүтіндесек, ертеңгіге сеніммен қадам басамыз. Бұл үшін тәуелсіз еліміздің тұтқасы біздің қолымызда екенін естен шығармауымыз тиіс.

4,4(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
andrey1shpirko
andrey1shpirko
07.05.2020

1тапсырма

Алатаудың әсем табиғатты

2тапсырма

1.алатаудың табиғаты әсем.

2.алатаудың ауасы таза

3.алатауда өсімдіктердің түр-түрі өседі.

3тапсырма

қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады.

алатау қазақ үшін биіктіктің асқақтықтың символына айналған.

4тапсырма

биік,ірі,әсем,ерекше,сұлу

5тапсырма

Тау

Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген және мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі, Карпат) көтерілімдер болып келеді.

Таулар алып жатқан көлеміне,құрылымына,жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді.

дұрыс шығады 100%

өзім жаздым

ұнасада ұнамасада лайк басып кетші ♡

4,8(71 оценок)
Ответ:
Shaurma021
Shaurma021
07.05.2020

Шетелде оқыған студент пен қазақстандық студентті бір-бірінен артық немесе кем деп айта алмас едім. Дегенмен шетел студенттерінің ойлау қабілеті мен адамға деген қарым-қатынасы ерекше. Сіз шетелде жүрсеңіз, ұлтыңыз, дініңіз, киім үлгіңіз ешкімді қызықтырмайды. Әр адамға жеке тұлға ретінде қарайды. Араласқанда өзіңнің қандай екеніңді көрсете білсең, соған лайық сыйға ие боласың. Олар әрбір ақпаратты сүзгіден өткізе біледі, яғни сараптап, оның рас-өтірігін тексере алады. Мысалы, біздің мектептерде бір тапсырма берсе, оқушы оны жаттап, мұғалімнің өзіне қайтып айтып береді. Жақсы бағаласа, соған қуанады. Біз бір түнде орындайтын тапсырманы дамыған мемлекеттердің мектебінде бір-екі апта көлемінде зерттеу, сараптау тапсырмасы жүктеледі. Бір сөзбен айтқанда, білім беру жүйесі күрделі. Басты айырмашылық — осы ғана.

4,5(26 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ