М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Banan125027
Banan125027
02.10.2022 01:27 •  Қазақ тiлi

Осы тақырып бойынша білімдеріңді жинақтап, "Алаштың ардақты азаматы" атты дәлелдемелік эссе(сөз саны-100) жазыңдар.

👇
Ответ:
marat0901
marat0901
02.10.2022

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,

Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын!...- деп ұрандап өткен Алаш қайраткерлері өн бойыңа елге деген сүйіспеншілік сыйлайды.Алаш қозғалысы,Алаш автономиясы атты тарихи оқиғалардың тарихымызда алар орны зор.Сол Алаш қозғалысы кезінде талай қайраткерлер елім, жерім деп,қуғынға ұшырап қаза тапқан.Сондай алаштың ардақты азаматтарының бірі,қасына талай ұлтжанды қазақты жия білген тұлға – Әлихан Бөкейханов болды.

Әлихан Бөкейханов – қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға,ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы.Оқу оқып жүргеннің өзінде-ақ оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын, мәдениетін,білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қойған екен.Әлихан Бөкейханов хан ұрпағынан болды.Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін ғұмыр кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деп жазды. Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалғандығынан алаштың өр тұлғалы азаматы екендігіне көз жеткіземіз.Оның есімі мәңгі біздің жадымызда қалады деп білемін.

Объяснение:

100% правильно

4,4(4 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Poжok1
Poжok1
02.10.2022
Бүгінде біздің әлемде әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын көптеген роботтар бар, қазір роботтардың көмегімен 8% жұмыс істейді, бірақ 2025 жылы барлық өндірістік тапсырмалардың 45% -ы роботтармен орындалады. Робот өндірісінің жетекшілері - Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, АҚШ, бірақ басқа елдерде қазірдің өзінде барлық мамандықтар машинаға ауыстырылды.9.Көптеген жағдайларда бұл роботтардың арзандауы (соңғы 10 жылда орта есеппен 20 пайыз). Бұл оларға өндірісте ғана емес, әдеттегі кеңсе мамандықтарындағы адамдарға да мүмкіндік береді.Сондай-ақ, жақында біздің қалада 50 робот қатысқан шоу болды. Концерттегі роботтардан басқа, Тесла шоуы және виртуалды шынайылық көзілдірігі бар 5 аймақ бар. Концерт 12 - 20 мамыр аралығында Арбат ғимаратында өтті. Маған өте ұнады, көп қызықты және ақпараттар.
4,4(91 оценок)
Ответ:
zhenya214
zhenya214
02.10.2022

Қазақстанның көрікті жерлері.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.

4,5(2 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ