Объяснение:
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды еді
Дастарқан
[3 буын: дас - бітеу, тар - бітеу, қан - бітеу]
Д - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
с - дауыссыз, қатаң
т - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
р - дауыссыз, үнді
қ - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
н - дауыссыз, үнді
Әріп саны: 9
Дыбыс саны: 9
Қымыз
[2 буын: қы - ашық, мыз - бітеу]
Қ - дауыссыз, қатаң
ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан
м - дауыссыз, үнді
ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан
з - дауыссыз, ұяң
Әріп саны: 5
Дыбыс саны: 5
Тағам
[2 буын: та - ашық, ғам - бітеу]
Т - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
ғ - дауыссыз, ұяң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
м - дауыссыз, үнді
Әріп саны: 5
Дыбыс саны: 5