
Жазғы демалысымды қалай өткіземін?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.
Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.
А:Саған киімнің қай түрі ұнайды?
В:маған класико киімдері ұнайды.Себебі олар өте әдемі,және көзге тез түседі.
А:таңдауың жаман емес.Ал маған еркін киімдер ұнайды,олар қыспайды және созылады.
В:талғамың нашар емес.Бірақ класико киіміне қарағанда жақсы деп айта алмаймын.
А:ол не дегенің досым,класико киіміде жақсы, бірақ еркін киімімен класико киімін салыстыруға келіспейді.Айырмашылығы жермен көктей.
В:Сенікіде дұрыс шығар,жақсы мен кеттім анам шақырып жатыр.Сау бол!
А:жақсы келесі кездескенше,сау бол!
Объяснение:
Жаман емес сияқты жалпы