Нақ осы шақ пен күрделі осы шаққа Нұр-Сұлтан қаласы туралы 2 сөйлем құраңыз текст:Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. 2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын ұсынды.М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.
Жырларымменен сезімді саған ақтарғам.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені,іздедім сені бақтардан.
Жетелеп мені биікке қарай тәтті арман,
Қоңыр да дауысың жадымда менің жатталған.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені ататын әрбір ақ таңнан.
Таусылмайды екен арманы сірә,пенденің,
Арманды қуып адасып жүрген пендемін.
Сен сенер болсаң өзіңнен басқа жандарға,
Сырымды ашып сырласуға еш сенбедім.
Қол бұлғап маған бір биік шыңнан,алыстан,
Сен бе едің сонда арман боп маған жабысқан.
Сен бе едің сонда бір тылсым күш боп кеудемнен,
Жыр болып сыртқа шығам деп сірә алысқан.
Жыр болып шықтың кеудемнен, нәзік жүректен,
Сен біле білсең,жүрекке нәзік гүл еккем.
Мәпелеп келем сол гүлді,нәзік сезімді.
Әр көктем сайын бір нәзік сезім үмітпен.
Білмеймін сені,
қай жерде жүрсің,кімдермен?
Білмеймін неге,
қызғанам сені кімдерден?
Үмітті үзбей келетін әрбір күндерден,
Мен жасап алғам сені ақ раушан гүлдерден.