М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yanzabelina
yanzabelina
04.06.2022 02:29 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз./ Прочитайте текст и выполните задания которые даны ниже. Ұлы Жібек жолы.
Ұлы Жібек жолы – біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан бастап, ХVІ ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана дами бастаған. Қытайдың атақты жібегі осы жолмен тасымалданған. Соның құрметіне ол Жібек жолы деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығынан басталған. Ол қазақтың кең даласындағы ірі сауда орталықтарын басып өтіп, Самарқанд, Бағдад қалалары арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жетті.
Жібек жолы әртүрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени қарымқатынастардың дамуына ықпал етті. Мысалы, ертедегі Тараз қаласында мыстан
жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар сатылған. Ал Отырар қаласында саудамен қатар үлкен кітапханалар салынып, мәдениет пен білім және ғылым салалары өте жоғары дамыды.
Қазақстанды Алтай, Моңғолия, Ресей, Орта Азия, Шығыс елдерімен байланыстырған. Қазір осы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде. Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда. Жібек жолы нарық экономикасы үшін бірден-бір сауда көзі болып табылады.

Мәтіннің мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтаңыз./ По содержанию текста выпишите основную информацию ввиде кластера.

2-тапсырма. Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.
Кербез сұлу, ағайын -туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл- қыз, белбеу, киім -кешек, см,
таңертең, ҚазМҰУ, педколледж, қолөнер, Ақан сері, күнде- күнде, құлақ салды, білезік,
ауыл-аймақ, нұрлы жол, АҚШ.
Сөз тіркесі
Қос сөздер

Біріккен сөздер

Қысқарған сөздер

3-тапсырма. Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз./ Правильно расставьте знаки препинания.
Негізінде жағдайымыз онша жақсы емес.
Тыңда дала Жамбылды.
Алақай келгенің жақсы болды.
Пай-пай Нұржан-ай тіліңіз қандай ащы!
Сапарың құтты болсын қарағым!
Менің ойымша бұл дұрыс шешім.
4-тапсырма. Берілген жай сөйлемдермен ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырыңыз. (және, бірақ, : )
Биыл жайлауда болдым. Ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

Әлияның даусы жақсы. Ол ән айтуды жақтырмайды
Келген екеу еді. Бірі-агроном, екіншісі-инженер.

👇
Ответ:
Ania151
Ania151
04.06.2022

Негізінде, жағдайымыз онша жақсы емес.

Тыңда,дала,Жамбылды.

Алақай,келгенің жақсы болды.

Пай-пай,Нұржан-ай,тіліңіз қандай ащы!

Сапарың құтты болсын,қарағым!

Менің ойымша, бұл - дұрыс шешім.

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

Әлияның даусы жақсы,бірақ,ол ән айтуды жақтырмайды

Келген екеу еді. Бірі-агроном және екіншісі-инженер

Объяснение:

4,5(92 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Инав
Инав
04.06.2022
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отанда а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отанүшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой.Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. 
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. 
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда. 
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным» 
Қазақстан менің елім, аңсағаным 
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. 
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, 
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын. 
Отаным – Қазақстан туған елім, 
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. 
Өсе бер өркендей бер, Елім менің, 
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

 
4,5(60 оценок)
Ответ:
Юлька9062804
Юлька9062804
04.06.2022

Наурыз көже

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.

Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.

Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.

Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.

Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.

Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.

Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.

4,4(11 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ