ответ:Аллитерация мысалы:Қ.Аманжоловтың "Иран шахқа мұңын шақпа,[1] Низами, Біздіңжақта гүл кұшақта, Низами..." деген өлең жолдарында аллитерация (шәрпіқайталанып) өлең өрімін құбылтып, оның окырманға әсерін күшейтіп тұр.
Ал ассонансқа мысал ретінде: "е"дыбысының қайталануын айтуға болады.
Ей, жарым, жаным бірге жаныңменен,
Ей, жарым, құшағыңа-аләніңменен!
Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,
Ей, жарым, тілек етем барымменен!
Жан жарым, кетсін күңдер қаралы өткен,
Жан жарым, жас жанымды жарапы еткен.
Арманды асыл арай айырма деп,
Жан жарым, құшам сені зартілекпен!
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Sun closed by the moon.jpg
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады.
Қазақстан қорықтары.
Еліміздегі қорықтар жайлы айтпас бұрын алдымен «қорық» сөзіне анықтама беріп көрейік. Сөздікке сүйенер болсақ, «қорық дегеніміз – толығымен пайдаланудан алынып, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл жиынтығымен қоса, осы қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ». Қорықтардың басты мақсаты мен міндеті – осы қорық аумағында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін осы қалпында сақтап, табиғи құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру. Қорықтарда серуендеуге тыйым салынған, бұл - ғылыми әрі мемлекеттік маңызы бар мекеме.
Қазақстан Республикасының аумағында он қорық бар.
1. Ақсу-Жабағылы қорығы – еліміздің аумағында 1926 жылы ең алғаш болып ашылған қорық. Бұл қорық Түркістан облысы және Жамбыл облысында орналасқан.
2. Наурызым қорығы 1931 жылы Қостанай облысының аумағында құрылған.
3. Алматы қорығы – бұл қорық та 1931 жылы Алматы облысында құрылған болатын. Жер көлемі 71700 га.
4. Барсакелмес қорығы Қызылорда облысында 1939 жылы ашылған.
5. Қорғалжың қорығы 1968 жылы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында ашылған болатын.
6. Марқакөл қорығы – еліміздің шығысында орналасқан қорық. Құрылған жылы – 1976 жыл.
7. Үстірт қорығы – еліміздің батысында, атап айтқанда Маңғыстау облысында орналасқан. 1984 жылы ашылған.
8. Батыс Алтай қорығы - 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы аумағында құрылған қорық.
9. Алакөл қорығы – Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 1998 жылы ашылған қорық.
10. Қаратау қорығы – Қазақстандағы ең «жас» қорық саналады. Құрылған жылы – 2004 жыл, Түркістан облысында орналасқан.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен мамандардың айтуынша бұл Қазақстанның ұлан байтақ территориясына жеткіліксіз, сондықтан болашақта тағы 15 қорық құру жоспары бар.