ОҚЫЛЫМ. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындау. Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар ешқашан сарқылмайды» деген сөз емес. Ғалымдарымыздың айтуынша, әсіресе, бүгінде мұнай мен газдың қоры азайып барады. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, тікелей бәсекеге түсе алатын бірнеше энергия түрлерін пайдаланудың маңызы өте зор: атом, су, жел, күн, т.б.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Күн энергиясын атап айтсақ, артықшылықтары: күн энергиясы бәріне қолжетімді; сарқылмайды; қоршаған ортаға қауіпсіз;
Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор.
1-тапсырма:
1-Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
2. Синоним сөздерді анықтаңыз: А-тұтыну,пайдалану.
Б-қуат,қауіп.
С- жер, қазба. Д- пайда ,зиян
3 Антоним сөздерді анықтаңыз: А-тұтыну,пайдалану.
Б-қуат,қауіп. С- жер, қазба. Д- пайда ,зиян
4.Мәтіннен баламалы қуат көздерін атаңыз
атом, су, жел, күн.
5.Күн энергетикасының артықшылықтары қандай?
6.Мәтінде жауабы жоқ сұрақты белгілеңіз:А-Қазақстанда күн қуаты пайдалана ма? Б-Күн энеретикасы дегеніміз –не? С-Қандай энергияның болашағы зор?
2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді жазып алыңдар. Есімдіктердің түрлерін анықтаңдар.
ЖАЗЫЛЫМ.
3-тапсырма. Бір жағдаятты таңдап, түсініктеме жазыңдар.
Жағдаяттар:
Оқушы сабақтан кетіп қалды.
Оқушы мектепте тәртіп бұзды.
Студент емтиханға келмеген.
1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы;
2)Жамбылдың шағармашылығы;
3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады.
Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.