Тапсырма . Өленнен үзіндіні окыныз . Ақынның ойын , пікірін талдаңыз . << Торт сөйлем » тәсілі арқылы жазып көрсетіңіз . Қой , жігіттер , кун болды ойланарлық . Білім , әдет , акылды ойга аларлык . Надандыктан еліріп боска журсек . Мына заман көрсетер бізге тарлық ! Өзін біліп біреуге кылсаң жарлық , Асыл сол - акыл , білім бойда барлық . Айла , өтірік , арсыздык өнер емес . Мен де анаудай болсам деп таласарлық . Үлкендерде мiнез жок танданарлық . Олардын кылган ісі - ұрлык - карлық Арам ойды акыл деп ардан күсіп , Түбінде тарткызбай ма ол бір зарлық ? « Торт сөйлем » тәсілі 1. Пікір . Үзінді бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады . 2. Дәлел . Өз пікірін бір сейлеммен дәлелдейді 3. Мысал . Пікірін өмірмен байланыстырып , мысал келтіреді . 4. Қорытынды . Такырып бойынша корытынды шығарады
Сүйінбайдың толғауларында сол заманның жағдайы, күнделікті өмір, басшылардың əділетсіздігі, Қоқан хандығының шапқыншылығы жайлы көп айтылады. Тек жыршы, ақын, халық қамқоршысы ғана емес сонымен қатар айтыскер де болған. Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Сүйінбай өзі заманның жанашыр тұлғасы болған. 1898 жылы өзінің туған жерінде қайтыс болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.