Оқылым Қазақ аңшылары тазы итті аң қағу өнеріне қатысты бірнеше топқа бөлген. Бірінші топқа қасқыр алатын тазыларды жатқызған. Ондай тазы күшті әрі жүйрік келеді. Ол қасқырды қылқындырып алады.
Екінші топқа жататындар: шағын тазылар. Бұлар қасқырды құып жетіп, тістелеп, мысын басады.
Үшінші топқа жататындар:қоян, түлкі ұстайтын тазылар.Бұлардың күші әлсіз, бірақ жүйрік болады. Күніне 2-5 қоян алатын мүмкіндігі бар. Ал түлкіні кез келген тазы алады.Тазымен аң қағу үшін қайткен күнде қар жауып, сонан басталуы шарт емес. Анның жүні жетіліп, қажетке жарайтындай болса жетіп жатыр. Сондықтан да тазымен аң аулауды қарасонар деп те атайды.
Тазыларды жеке-жеке немесе топ-тобымен аңға салады. Аңшылар аңды жатқан жерінен үркітіп алып шығады. Сосын қашқан аңға тазыны жұмсайды.
1.Мәтінге ат қойыңдар. ( )
2. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз. (+) ( )
Тұжырымды сөйлемдер Шын Жалған
Күніне 3-5 қоян алатын мүмкіндігі бар.
Тазымен аң қағу үшін қайткен күнде қар жауып, сонан басталуы шарт емес.
3. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді жеткізіңдер. ( )
Бірінші сөйлем. Менің ойымша .
Екінші сөйлем. Себебі мен оны деп түсіндіремін.
Үшінші сөйлем. Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
Төртінші сөйлем. Осыған байланысты мен деген түйін жасадым.
4. Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларыңызды білдіріңіз. ( )
Ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды.Солардың бірі – "Аяз би" ертегісі."Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл" деген бір-екі ауыз сөзді білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Ертегінің бас кейіпкері – Жаман.Бұл кейіпкер - халықтың "елді осындай адам билесе екен" деген тілегінен туған кейіпкер.
Жаман ертегі барысында өзінің жақсы қырларын көрсетеді.Ханға жаман адамды,жаман шөп пен құсты анықтап береді.Қасиетті тастың,ханның тұлпарының сырын ашып береді.Тіпті хан:"Мен хан ұрпағынанмын ба?" деп оны анықтауды бұйырғанда,Жаман ханның отбасында тек өзі хан екенінің,арғы аталарының бәрі наубайшы болғандығын дәл айтып береді.Хандықтағы ауқатты байдың отыз бестегі қызын да өзінің ақылдылығымен,қайсарлығымен алады.Жаманның ханның сүйікті уәзірі болғандығын көре алмаған қалған уәзірлердің қастандықтарына да төтеп беріп,әділ болады.Ең соңында халық оны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
Қорытындылай келе,ертегіде «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты» делінген. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды дейді.Оның жасаған әр ісінен көреген хан болғандығын байқаймыз.
Объяснение: