. Мәтінді оқы . Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым . Бірінші қабатта қан тапсырдым . Сосын жоғары көтерілдім . Емханада отбасы дәрігері , тіс дәрігері , көз дәрігері бар . Отбасы дәрігері мені жақсы таниды . Себебі ол бізді жыл сайын тексереді . Дәрігер менің жүрегімді тыңдады . Дәрумен ішуге кеңес берді . Ет , балық , сүт , жеміс - жидектің пайдалы , фастфуд тағамдарының зиян екенін айтты . Сосын тіс дәрігеріне бардым . Ол менің тістерімді тексерді . Тіс дәрігері : « Тістеріңді таза ұста » , деп кеңес берді . Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын . Көз дәрігеріне бардым . Ол көзімді тексерді . Көз дәрігері : « Компьютерде көп отырма , деп кеңес берді . теледидарға жақын отырма » , - - Менің тістерім таза , көзім алыстан да , жақыннан да жақсы көреді . Отбасы дәрігері маған : « Сенің денсаулығың жақсы . Жарайсың ! » — деді . Ал сен емханаға барасың ба ?