Жақсы болу - парызым.
Ата – ана - бізге жарық дүние сыйлаған, бізді бағып – қағып өсірген, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосып, ешкімнен кем қылмай, бойымызға ізгі тәлім – тәрбие дарытқан асыл жандар. Осы өмірдегі ең жақын адамдарымыздан біз бойымызға бар жақсылықты сіңіреміз.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата –ананы ерекше құрметтеп, қадірлейді. Ата – ананың айтқан ақылына құлақ асып, сыйлау – әрбір баланың парызы деп есептеймін. Ата – анамыз бізге бар білгенін үйретіп, жамандықтан аулақ болуға, керісінше жақсылық жасауға, жаны жайсаң адамдармен дос болуға үйретеді. Қанша дегенмен, үлкен кісілердің өмірден көрген – білгендері, тәжірибесі көп. Сондықтан, ол кісілермен ақылдасып, айтқан өсиеттеріне құлақ асу абзал деп есептеймін.
Анамыз әрқайсымыз үшін ерекше жан, ал анамның айтқан асыл сөздері мен ақылы менің құлағымда өшпес шырақ секілді. Анам үнемі «Балам, олай істеме, ұят болады», «Әкеңнің айтқанын тыңда», «Әкеңмен ақылдас» деп құлағыма құйып отырады. Есейе келе ғана осы сөздердің мән – мағынасын түсінген сияқтымын. Анам бірі болмаса бірі құлағында қалсын деген екен ғой.
Сондықтан, ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Демек, ата - анамызды жерге қаратпай, салиқалы ұрпақ болу - біздің парызымыз екенін есте ұстайық.
Көшпелілер - малмен айналасқан жандар. Бұл халқы өте ержүрек, батыл адамдар болатын. Көшпелілер халқында " жабайы табиғат " деген түсінік мүлдем болған жоқ. Олар бір жерден екінші жерге қонуға мəжбүр болған, себебі үй жануарларын аттарды, қойларды тамақтандыру қажет болатын. Басқа елдер көшпелілерді "жабайы адамдар" деген теріс түсініктер айтқан. Сақтар керісінше оларды "ержүрек, батыл, жаны таза, рухы биік" деген ойда болған. Геродот болса олар тұралы мадақтап жазған. Көшпелілер өздерін қорғау үшін бəрін жасайтын, батыл болғандары сонша ешкімнен қорықпаған, керісінше басқалар көшпелілерден қауіптеніп отырды.
Подробнее - на -
ШЫҢҒЫШАН ӘСКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ МИФ ЖЕРДЕГІ ОЛХОНДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨШІП ЖАТҚАН.
Бұл аңыз 1761 жылы неміс тарихшысы Г.Миллердің арқасында пайда болды. Ол өзінің «Сібір тарихында» Шыңғыс ханның Байкал көлін кезгенін айтады. Онда Моңғолдар мүйісіндегі Ольхон аралында тіпті ат басын тағандарын тастап кеткен. Жергілікті буряттардың өздері бұл туралы ештеңе білмейді, ұлы генералдың аралға сапары туралы тарихи құжаттарда ештеңе кездеспейді. Сірә, Шыңғыс хан Байкал көлінде болмаған, ал геологтар оның кезінде материк пен Ольхон аралының арасында құрғақ су қоймасы болмағанын айтады. Қазір аралдың айналасы өте терең, ал түбінің рельефі мұнда бір кездері көпір болғаны туралы ештеңе айтпайды.
Объяснение: