М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
niktos30042002
niktos30042002
06.09.2020 08:23 •  Қазақ тiлi

. Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесіне қандай оқиғалар өзек болған?

👇
Ответ:
Anechka201
Anechka201
06.09.2020

ответ:Жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесіне 19-ғасырдағы Қазақстанның батыс өңірінде болған Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің жалынды жаршысы болған Махамбет Өтемісұлының соңғы күніндегі оқиғалар өзек болған. Әңгіме «Қараой» жерінің табиғаты мен сипатын танытудан басталады. Қазан айының қара суығы әлі түспеген кезеңде Махамбет «Қараойдың» өзіндік ерекшелігін көз алдынан өткізіп, бірде осы мекенді оттай ыстық санаса, бірде жаттай көріп, оймен заманның тарылмаған, Исатайдың бар кезіндегі шаққа ойысып, өзіңнің қазіргі жайына іштей мүжіліп күйінеді. Қоңыр үйде қоңырқай тірлік кешіп жатқан, жалғыздықтан жанын мұң торлаған Махамбет ішінде алай-түлей ой арпалысы жүруде. Таң атқалы сондай. Ешкімге сенгісі жоқ. Сенім мен күмән теңдей, итжығыс түсіп жатыр. Әр нәрсеге елегзіп, әр нәрседен секем алады. Досы азайып, қасы көбейген кезде Ықыластай бұрын бірге жүрген адамға сенейін десе де, әлденендей күдіктер бой көтеріп, ойын тұрақтата алар емес. Шығармада осылайша Махамбеттің осындай ой арпалысы монолог түрінде өрбіп, батырдың жан күйін нақты бейнеленеді. Әңгіме тақырыбының «Қараой» болуы тегін емес. Махамбет осы «Қараойда» ізіне түскен сұлтанның итаршы тобының қолынан қаза табады. Батырдың шешіле сөйлесуін, қаруын тастауын өтінген және ойындағысын болдырған Баймағамбет сұлтанның тіліне азған топ адам өз үйі, ошақ қасында жары мен баласының көзінше батырды мерт етеді. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген аталы сөздің парқына бармаған опасыздар жапан далада қалған жетімектер мен жесірді аңыратып, батырдың бәйге атын мініп жүре береді. Сонымен «Қараой» бір кездері елдің құт мекені саналса, бүгінде сол күнгі оқиғамен қайғы жамылдырған жайды ұқтырар мекен болып қалғандай. Жарық күн де мына қаралы жайды көргісі келмегендей ұясына батуға асығып барады.

4,8(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Sergey200320032003
Sergey200320032003
06.09.2020
Баяғыда бір бала өмір сүріпті.Ол өте жалқау болған екен. Бала әкесіне көмектеспеген,тек дайынға затқа үйренген . Мальчик не отцу только привык ко всему готовому.Себебі оның әкесі өте бай болды.
Бір күні әкесі қайтыс болды.Әкесі баласына барлық байлығын мұра ретінде қалдырды.
Бала ақшасын қалай болса солай жаратқан.Ақшасы бір күні тауысылыпты,бала кедей болып қалды.
Баланың үсті басы жыртық-жыртық болып қайыр сұрап кетті,бірақ ешкім оған бір тиында бермеген.
Ол шаршап ұйықтап қалды,түсінде бір періште сен өте жалқаусың,жұмыс жасамасаң күнің одан да жаман болады деген.Он уставший прилег спать,во сне приснился ангел и сказал что он ленивый,и если будет дальше так жить, то его жизнь совсем станет плоxой. Бала түнімен күнімен жұмыс жасап ,табыс тауып өзінің арманына жетіп,өте бай болып кетті.Мальчик работал с утра до вечера ,заработал деньги,достиг своей цели и стал очень богатым.
4,6(31 оценок)
Ответ:
Kamila7811
Kamila7811
06.09.2020
Қазақша ет- қазақ халқының ұлттық тағамы.Қазақша ет-пісірілген ет.Қазақша ет тағамын жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Етті пісіреді ,сосын қамырдан жайма жайып пісіріп, табаққа салып,жайманың үстіне пісірілген етті салады Қазақша ет-қазақ халқының  ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті тағам.Ежелгі қазақ халқы бұл тағамды бес саусағымен жеген.Сондықтан  бұл тағамды -бешбармақ деп атап кеткен.Қазақша ет -тағамын сыйлы қонақтарға,әрбір мерекелерге әзірлейді.Қазақша ет-өте дәмді тағам.   
4,6(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ