Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Қазақстан президенті 1990 жылғы 24 сәуірден бастап.
Бұрын ол Қазақ КСР-ның президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын президенттік сайлауда бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми деректерге сәйкес, 97,75% дауыс жинады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. КОКП ОК (1986-1991) мүшесі; КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.
Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.
Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.
Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.
«Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп», «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда әр туысың болсын», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді». Бұл дана сөздерді атам қазақ айтып кеткен. Кешегісін ойлап, болашағын болжап отыратын бабаларымыз ұрпағына осындай аталы сөз қалдырған. Ағайынның татулығын ұлағат еткен. Бауырлардың бір-біріне бауырмал болуын баса айтқан. Туыстық байланыстың маңыздылығы мен парқын жете түсіндірген. Тіпті «Туғаныңмен сыйы ң, кең дүниеге сыймассың» деп те ескертеді. Бірақ оны бүгінгі буын елеп-ескеріп жатыр ма?
Қазақ халқы қай кезде де туыспен етене жақын болып, алауыздықтан алшақ болуға үндейтін. Бала кезімізде бір туған бауырлар түгілі көрші-қолаң да бір-біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созуға дайын тұратын. Асарлатқанда алдына жан салмайтын. Той-томалақ, өлім-жітімнің бәрі көпшілікпен, ауылдастардың, ағайындардың арқасында өз дәрежесінде бітіп атқарылып жататын. Ағайын болып өмір сүру, бауыр-қарындастың қамын ойлау, туыстың жайына жанашырлық сезіммен қарау салты ұмытылып, риясыз көңілден жасалатын көмектің де қатары сирегені байқалады. Адамның азғандығы ма, қоғамның тозғандығы ма, әйтеуір, бүгінгі заманда кісіліктің қасиеті жоғалып, мейір азайып, бір-біріне деген пейілі тарылғандай. Есесіне бір-біріне деген іштарлық та, қызғаныш та үдеп бара жатқандай. Бір өкініштісі сол, бұл жағымсыз көріністер бір туған ағайындылар арасында да кездесіп қалып жатады. Бауыры түгіл оның отбасын далада қалдырмау үшін өз қамқорлығына алып, асырап-сақтайтын қазақ отбасының ер азаматтары бүгінде безбүйрек болып бара жатқан жоқ па? Өмірде ағайын адамдардың бір-бірімен тіл табыса алмай, осылайша бір-бірін мәңгі көрместей болып, ат-құйрығын үзісіп кетіп жатқан мысалдар аз ба? Мұның себебі неде? Мұншалық қатыгездік қайдан келді? Өкінішке орай, ағайынды адамдардың арасында бір-біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созудың орнына «пайда тек өзіме ғана болса» деген теріс пиғыл орныға бастады. Ондай ниеттегілер бас пайдасы үшін өз ағайынын жарға да жығуға даяр тұрады. Мұның барлығы туыс-туғанның жоғына қарайласпай, өз қамын ғана күйттеуден туындайтын жағымсыз қасиет екені белгілі