Өзен Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле берiп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат тауып басылады. Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары Шуылдап желмен бірге бас ұрады. Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды, Тасыса, су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен судың қуатымен Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды. (Ыбыр есімдік табу
Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза болады. Ал елді қоныстарда ауаға адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Фабрика, зауыт, жылу орталықтарының мұржасынан будақтап шығып жатқан қара көк түтіннен өте майда күл, шаң-тозаң ауаға көтеріледі. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.
Ірі қалалардағы ауаның ластануының тағы бір көзі – автомашиналар. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.
Сондықтан көше бойлай ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
Есте сақтаңыздар
Ауаның құрамы, қабілеті кемиді, өкпе, тәулік, шалдықтырады, майда күл, кәсіпорындардың мұржалары, улы заттар, көмірқышқыл газы, гүлзарлар, демалыс бағы.