«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
намыс деген сөз шығады
Объяснение:
Намыс.
«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс - намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Ер балаларды бала күнінен бастап, намысшыл болуға тәрбиелеген. Өз ойым, намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.
Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.