Дәріс-лекция.
Ұлттық мәдениетті-мәдение әрекет.
Адаладамның сана сезімі
Әділ-әділдік.
Талаптер-шешендік
Талғампаз-керемет адам,стиль.
Тырысамын -қарапайым
Менің әкем туралы.
Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір шаңырақта, әсіресе қазақ отбасында, әкенің алар орны ерекше. Себебі, әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Менің әкемнің есімі – Қанатбек. Ол – полиция қызметкері. Менің әкем жұмыста қатал болып көрінгенімен, балаларына мейірімді әке. Біз әкемізді мақтан тұтып, ол кісіден жақсы үлгі аламыз. Әкеміз күн –түн демей, қоғам қауіпсіздігі мен елдің тыныштығы үшін қызмет етуде.
Мен өз әкеммен уақыт өткізіп, ол кісіден бар нәрсені үйренгенді ұнатамын. Менің ойымша, ұл баланың тәрбиесі көбінесе әкеге байланысты. Әкем екеуміздің қарым - қатынасымыз өте жақсы, мен әкемнен кез - келген мәселе бойынша ақыл сұрап,сырласа аламын. «Тек әкелер сендер ғана лайықсың, хан сарайы, «патша» атағына» деп өлең жолдарында айтылғандай асқар тау әкелерімізді қадірлеп, ол кісілерді үлгі тұтайық!
Ұлттық мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Дәріс – мектеп, медреселердегі сабақ. Дәріс ұғымы кейде «лекция» ұғымының синонимі ретінде қолданылып жүр. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту түрін «сабақ» деп, ал арнаулы кәсіби, жоғары оқу орындарындағы оқыту түрін Дәріс деп атау қалыптаса бастады.
Адал (парсыша һәлал) — шариғат заңдары бойынша адамға рұқсат етілген, бұйырылған нәрселер: 1) жеуге жарамды азық-түлік, дәм, тағам және аң-құс, түлік түрлері; 2) күнәдан пәктік, әділеттілік мәніндегі тазалық; 3) табан ақы, маңдай термен келген табыс; 4) санитарлық-гигиеналық тазалық. Адалдық — Жаратушыға тән асыл қасиеттердің бірі. Алланың, Құдайдың адалдығына сену — мұсылмандық парыз. Барлық діни ұғымдарда адамдар Құдай алдында тең және бірдей. Сондықтан өмірде адал болу Алла алдында Адал болумен бірдей. Мұсылман әлеміндегі әлеуметтік-философиялық теорияларда адал сөзінің әділеттілік мәні бүкіл мұсылманның бір Аллаға, Алланың барлық мұсылмандарға адалдығы деп түсіндіріледі. Бұл ұғымға қарсы мағыналы ұғым — арам.
Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады.
талапкердің билмим