М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
serjo1216
serjo1216
03.11.2021 15:00 •  Қазақ тiлi

Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Қылқобыз – ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.

Сыбызғы – қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600-650 см не 700-800см болады. 3-4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.

Дауылпаз – қазақтың литаврасы. Сабы бар, диаметрі 30 см аспап. Екі жағында да былғары жамылған. Аспаптың дыбысы өте жарқын естіледі, сондықтан әскери жорықтар кезіндегі шабуылдың басында, аң аулау кезінде, қозғалу туралы хабарлау үшін қолданылған. Бұл аспапта қолмен немесе қамшымен ұру арқылы ойнауға болады.

Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры ш

👇
Ответ:
ksyuksu1234
ksyuksu1234
03.11.2021

Қылқобыз-ысқышпен ойнайтын аспап,бақсы-балгерлер қолданған

Дауылпаз-диаметрі 30см аспап,қолмен н/е қамшымен ойналады.

Сыбызғы-демді жәй н/е күшті шығару арқылы ойналады,оркестрлерде қолданылады.

4,8(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Қазақстан көпұлтты мемлекет. мұнда 17 миллионнан астам , 120-дан астам ұлт пен этникалық топ өкілдері тұрады. елдің негізгі заңында - қазақстан республикасының азаматтығы мен діни көзқарастарына қарамастан, қазақстан республикасының конституциясы. 19-да мұндай ұстаным анық айтылған: «әркімнің ана тілі мен мәдениетін, қарым-қатынас тілін, білім беру мен шығармашылықты еркін таңдауына құқығы бар». көптеген тілдер газет, журналдар, кітаптар, жұмыс жариялайды ұлттық радио және теледидар бағдарламалары. барлық көпұлтты осындай нәрсені біріктіреді: біз - қазақстан халқы. бұл бірлікте - қазақстанның бірегей мемлекеті. қазақстан халықтарының достығы халықтың жүрегінде жатыр. мемлекеттің гүлденуі үшін өз аумағында тұратын халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім қажет. 1 мамыр - қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде құрылған мемлекеттік мереке. тек дәстүрлерді құрметтеу арқылы бір-біріне лайықты өмір салуға болады.
4,7(32 оценок)
Ответ:
Cerega67

4,7(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ