ответ:ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.
Объяснение:
Түйе су ішкенде неге артына қарай береді? (ертегі)
Ертеде түйе өте әдемі болған екен. Ағаштың бұтақтары сияқты мүйізі және сусылдаған жерге дейін жететін құйрығы болыпты. Түйе су ішкен сайын өзінің сұлулығын судан көріп, өзіне риза болады екен. Бір күні оған бұғы келіп: «Түйе, сен сондай ақылды, әрі сұлусың ғой, мен бүгін қонаққа барушы едім, бір күнге мүйізіңді бере тұршы»,- деп сұраған екен. Түйе мәз болып, оған мүйізін береді. Сөйтіп тұрғанда оған жылқы шауып келіп: «Түйежан, сенің әдемілігіңде шек жоқ, менде бір күнге әдемі болғым келеді, құйрығыңды бере тұршы»,- деп сұрайды.
Бірнеше күн өтеді, бірақ бұғы мен жылқы алған заттарын қайтармайды. Түйе қарызымды қашан қайтарады деп тоса-тоса шаршап, бұғыға келеді.
- Сен менің мүйізімді қашан қайтарасың? – депті.
- Сенің құйрығың қашан өседі, сол кезде мен сенің мүйізіңді қайтарамын,- дейді бұғы.
Түйе маң-маң басып жылқыға келеді.
- Жылқы, сен менің құйрығымды қашан қайтарасың? – деп сұрапты.
- Сенің мүйізің өскен кезде, мен сенің құйрығыңды қайтарамын,- дейді жылқы.
Арада бірнеше айлар өтеді, бірақ түйенің не мүйізі, не құйрығы өспейді. Түйе су ішіп, өзін судан көрген сайын қарызымды әкеліп қалады ма деп, жалтақтап артына қарай беретіні содан екен.
1-3
2-1
3-2
Объяснение:
проверено в онлайн мектеп