Қожаға хат.
Құрметті,Қожа.Сен менің бала күнімнен сүйікті кейіпкерімсің.Сен түскен "Менің атым - Қожа" фильмін қайта-қайта көре бергім келеді.Сен ақсылдысың,онымен қоса кейде бұзық та боп қаласың.Сенің сотқарлықтарың,апайыңның сөмкесіне салып жіберген бақа туралы оқиға есімнен кетпейтін шығар.Ия,сен әкесіз өстің.Ғашық та болдың,армандадың,төбелестің,тіпті мектептен қуылуға шақ қалдың емес пе?Бұл фильм арқылы тек сені ғана емес,сол замандағы теңсіздік оқиғаларын да көріп,біліп қалдық.Сол үшін алғысымыз шексіз.Жарайсың!
Хат жазған: (сенің есімің).
Объяснение:
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!