Количество соединений: 5 веб-мастер - Қызметшілердің потенциалын өсіретін маман; тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; рецепшеонист- коучер- тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын маман. бренд-менеджер- сайт жасаумен шұғылданатын маман; копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
Бірнеше күннен бері ауа-райы жауынды болып тұр. Табиғаттың әр жылдары қилы мінез танытатыны өзіне ғана тән дүние. Шығыс өңірінде биыл қар қалың болды, есесіне жауын да көп. Елге тұтқиылдан шабуыл жасаған дағдарыс уақытында табиғат-анадан сыбағамызды да алдық. Жалпы қара халық қой басынан өткеретін. Үлкен кісілер «өзіңде жоқ болса да,елде болсын» деп жатады. Не көрсек те, «көппен», «елмен» көрген жақсы. …Бүгін таңертең үйден шықсам, тағы жауын себезгілеп тұр екен. Сыртқа жиналып жатқанда сіңлім «машинамен жүрмін ғой, үстің су болады,менің қолшатырымды ал» деген. Бір қызығы, 3 сынып оқыған кезде әкем құлпынайдың суреті бар кіп-кішкене қолшатыр сатып алып берген, одан кейін қолданған емеспін. Жылы жауынның астында малмандай су болсам да, салқын өтсе де… қолшатырсызбын. Жауынды жақсы көретіндігімнен шығар. Аялдамаға қарай тез-тез қадам басып келе жатырмын. Кешеден бері томсырайып тұрған бұлтты аспан төгіп-ақ жатыр. Ал іште… белгісіз бір жанталас, тоқтаусыз аққан ағын судай, менімен арпалысып келеді… Не ойлап келе жатқанымды өзім де білмеймін… өткінші жауындай жалған әсер ме…? Ақын Қалқаман Сариннің жаңбыр туралы бір өлеңіндегі «Жаушы, жаңбыр,жауа түс,жаушы,жаңбыр, Періштелер қондырған қанатымен, О, құдірет! Тамып тұр тамшыдан нұр!… деген жолдарын есіме алдым.Рас,нұр болып жауған мына тамшылар жүрек түбіне мәңгілік сіңеді ғой. Осыдан кейін біртүрлі көңілім көтерілді. Анығында, жақсы ой жинақтап, аузыңнан шыққан әр сөзге мән беріп сөйлей білсең, әр дұрыс сөз алдыңнан жақсылық әкелері хақ.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.