Жағажай жайлы шағын шығарма.
Биылғы жазғы демалысымды өте қызықты, әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Себебі мен жай ғана демалып қоймай, сонымен қатар Алакөл көлінің емдік суына шомылдым. Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде - кем болар. Оның суының ағзама оң әсер тигізгенін байқадым. Көл суы көптеген ауруларға ем екен. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалатын көрінеді.
Суға түсіп жағажайға шыққанда, көңілім өсіп, қанағат тапты. Толқындарды тамашалап, жағажайда серуендеудің өзі бір керемет әсер сыйлайды екен. Толқын арқылы теңізден шыққан майда тастар мен ұлутастарды жинап, өзімнің коллекциям пайда болды десем де болады.
Жағажайда демалып, серуендеудің өзі психологиялық тұрғыдан денсаулыққа да пайдалы екен. Теңіз немесе көлжағасындағы демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар екен. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі.
Әсіресе, осы демалыс кезінде жағажайда аяқ – киімсіз, жалаң аяқ серуендеген аса қатты ұнады. Тіпті, осы серуендеудің өзі адамға пайдалы көрінеді. Естуім бойынша көл суынан нәр алған табандағы биологиялық белсенді нүктелер ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.
Келер жылы отбасымызбен тағы да жағажайда демалсақ деп армандап да қойдым.
Қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерді бастаған көсемдер, хандар, батырлар, туралы ақындардың әуезе жыр-дастандары әдебиет тарихында маңызды. Ақындық поэзиядағы көрнекті ақындарымыздың бірі Доскей Әлімбайұлының «Кенесары, Наурызбай» атты әуезелік жыр-дастаны да тарихилығымен ерекшеленеді.
Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
Қорытындылай келе айтарым, "Кенесары-Наурызбай"- тарихи-реалистік жыр. Аталмыш туынды арқылы сан қатпарлы тарихымыздың бір тарауын біле аламыз, батырларымыздың ерлігіне, халықтың жағдайына куә боламыз.