Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Ырыс – 2 буын (Ы – ашық, рыс – бітеу)
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
р – дауыссыз, үнді
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
с – дауыссыз, қатаң
4 әріп, 4 дыбыс.
Іле – 2 буын ( і – ашық, ле – ашық)
І – дауысты, жіңішке, кысаң, езулік
Л – дауыссыз, үнді
Е – дауысты, жiңiшке, ашық, езулік
3 әріп, 3 дыбыс.
Ірге – 2 буын (ір – тұйық, ге - ашық)
І – дауысты, жіңішке, кысаң, езулік
Р – дауссысыз, үнді
Г – дауыссыз, ұяң
Е – дауысты, жiңiшке, ашық, езулік
4 әріп, 4 дыбыс.
Раушан – 2 буын ( рау – бітеу, шан – бітеу)
Р – дауссысыз, үнді
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
У – дауыссыз, үнді
Ш – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
Н – дауыссыз, үнді
6 әріп, 6 дыбыс.
Лашын – 2 буын (Ла – ашық, шын - бітеу)
Л – дауыссыз, үнді
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
Ш – дауыссыз, қатаң
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
Н – дауыссыз, үнді
5 әріп, 5 дыбыс.