Тоқтар Әубәкіров -қазақтың тұңғыш ғарышкері және Кеңес Одағының батыры(1988), 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ол реактивті ұшақтың елуден астам жаңа түрін сынақтан өткізіп, сонымен қатар 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан Союз ТМ-13 кемесімен ғарышқа ұшты, әрі ол онда өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстырын жүргізіп, ғалымдар менен бірге аймақтың экономикалық жағдайы жайлы дабыл қақты.
Жыр (көне түркі тілінде - иыр)
1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазірғі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады;
2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, тағы басқа) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы - Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелғі замандардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ногай халқының йырларында, башкұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі.